Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлері өзге діндерге төзімділік таныта ма?

Ехоба куәгерлері өзге діндерге төзімділік таныта ма?

Біз адамның дініне қарамай, Киелі кітаптағы “әркімге тиісті құрмет көрсетіңдер” деген кеңесті ұстанамыз (Петірдің 1-хаты 2:17). Мысалы, кей елдерде жүздеген мың Ехоба куәгері бар. Сөйтсе де біз үкімет басындағылар мен заңгерлерге өзге діндерге шектеулер қойылсын не жабылсын деп, қысым жасамаймыз. Сондай-ақ өнегелілік және діни ұстанымдарымызды көпшілікке міндеттейтін заңдар қабылдансын деп күреспейміз. Қайта, өзгелерден күтетін төзімділікті басқаларға өзіміз танытамыз (Матай 7:12).