Бұл кітапшадағы суреттердің айтары көп
Одвал әжей Моңғолияда тұрады. Бұл кісі өзінің қанша жасқа келгенін нақты білмесе де, 1921 жылы туылдым деп ойлайды. Балалық шағында ол ата-анасына мал бағуға көмектескендіктен, мектепте бір-ақ жыл оқыған. Бұл кісі әріп танымайды. Бірақ жақында ол түрлі-түсті суреттері бар бір кітапшаның арқасында Құдай Тағала жайлы және оған мойынсұнатындардың болашағы жарқын болатынын білді. Білгендері оның жүрегінен орын алды.
Бұл кітапшаны 2011 жылы Ехоба куәгерлері екі нұсқамен басып шығарған. Екеуінің де әдемі суреттері бар, бірақ біреуінің мәтіні азырақ.
Мәтіні көбірек нұсқасы “Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” деп аталады, ол жақын арада 583 тілде, ал “Құдайды тыңдаңыз” деп аталатын екінші нұсқасы 483 тілде қолжетімді болады. Мұны 2014 жылдың қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырсақ болады: Адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясы 2013 жылдың қазанына қарай 413 тілге аударылған болатын. Сонымен қатар бұл екі басылымның таралымы 80 миллионға жетіп қалды.
Бразилияда тұратын егде тартқан әйел “Құдайды тыңдаңыз” кітапшасының ана тіліндегі данасын қуана алып, былай деді: “Мен сияқты жандардың жағдайын ойлайтын адамдардың бары қуантады. Оқи алмайтындықтан, сендердің журналдарыңды бұрын алмайтын едім. Бірақ мына кітапшаны алғым келіп тұр”.
Бриджит есімді Францияда тұратын сауат ашпаған әйел болса: “Бұл кітапшадағы суреттерге күн сайын қараймын”,— деп айтты.
Оңтүстік Африкадан бір Ехоба куәгері мынадай хат жазып жіберді: “Бұл әдебиет қытай тілінде сөйлейтіндерге Құдай Сөзіндегі шындықты жеткізудің таптырмас құралы болып отыр. Мен әртүрлі адамдармен, университет бітіргендермен де, данышпан кісілермен де, сондай-ақ ежіктеп, әрең дегенде оқитын адамдармен де сөйлестім. “Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” кітапшасын қолданып, адамды тез арада Киелі кітаптың негізгі ілімдерімен таныстырып шығуға болады. Жарты-ақ сағаттың ішінде іргетасын қалап шығуға болады”.
Германияда тұратын бір зиялы ерлі-зайыпты Ехоба куәгерлерінің көмегімен Киелі кітап сабақтарын өтіп тұрады. Күйеуіне бұл кітапша қатты ұнап қалып, ол былай деді: “Маған бұны неге ертерек бермедіңдер? Мұның арқасында Киелі кітапта жазылғандарды жылдам түсінемін”.
Құлағы естімейтін австралиялық бір әйел болса былай деді: “Мен көп жыл монастырьда, монах әйелдермен тұрдым. Шіркеу жетекшілеріне де әрдайым жақын жүрдім. Әйтсе де ешқайсысы маған Құдай Патшалығының не екенін түсіндірмепті. Ал мына кітапшадағы суреттерге қарап, Матай 6:10-дағы сөздердің шын мәнінде нені білдіретінін ұғына алдым”.
Канададағы Ехоба куәгерлерінің филиалынан былай деп жазып жіберді: “Құдайды тыңдаңыз” кітапшасының крио тілінде шыққанын көргенде, Сьерра-Леонеден келгендердің көбісі Ехоба куәгерлерін Құдай Сөзіндегі қуанышты хабармен бөлісуге барын салып жатқаны үшін мақтау сөздер айтады. “Көпшілікпен салыстырғанда, сендер жұрттың қамын ойлайсыңдар”,— дейді кейбірі”.