Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ОЯНЫҢДАР! № 1, 2024 | Сый-құрмет қайда қалды?

Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер сияқты, сый-құрмет те жойылып барады. Тіпті біреу құрмет таныта қалса, таңғалатын күйге жеттік.

Қазір адамдар бір-бірін, мысалы ата-аналарын, қарт кісілерді, полиция қызметкерлерін, ұстаздарын, бастықтарын құрметтемейді. Бірақ құрметсіздіктің көкесін әлеуметтік желілерде көріп жүрміз! Онда адамдар дөрекі пікірлерін қарша боратып, оңды-солды жаза береді. Бір беделді журналда айтылғандай, “құрметсіздіктің белең алғаны сонша — ел аузынан түспейтін тақырыпқа айналды” (“Harvard Business Review”).

 

Өзгелерге деген сый-құрмет қайда қалды?

Өзгелерге құрмет көрсету неге маңызды және оны қалай істеуге болатынын біліңіз.

Өмірге деген сый-құрмет қайда қалды?

Өзіміздің және өзгелердің өмірін құрметтеуге көмектесетін Киелі кітап кеңестерін біліңіз.

Отбасына деген сый-құрмет қайда қалды?

Бір-біріне құрмет танытатын отбасы бақытты болады.

Адамның өз-өзіне деген сый-құрметі қайда қалды?

Киелі кітап адамдарға өмірлерін жақсы жаққа өзгертіп, қадір-қасиетке ие болып, өз-өздеріне деген сый-құрметтерін арттыруға көмектеседі.

Сый-құрмет қайда қалды?

Ехоба куәгерлері дүниежүзі бойынша өздері өмір сүретін ортада құрмет танытуға қандай үлес қосып жүргендері жайлы жазылған мақалаларды оқып көріңіз.