5-пайғамбарлық. Жердің бүлінуі
5-пайғамбарлық. Жердің бүлінуі
“[Құдай] жерді бүлдіргендерді құртады” (АЯН 11:18).
● Кпор (Нигерия) қаласының тұрғыны Пирри пальма жемістерінің шырынынан шарап ашытумен айналысатын. Алайда Нигер өзенінің атырауына мұнай төгілуінің салдарынан оның саудасы біржола тоқтап қалды. “Өзен балықтары қырылуда, денсаулығымыз сыр беруде, жерасты сулары ішуге келмейді. Енді қалай күн көретінімді білмеймін”,— деп налиды Пирри.
ДЕРЕКТЕР НЕНІ КӨРСЕТЕДІ? Мамандардың айтуынша, дүниежүзіндегі мұхиттарға жыл сайын 6,5 миллион тонна қоқыс тасталады. Оның 50 пайызы пластик заттары. Мұндай заттар ыдырап, жойылып кеткенге дейін жүздеген жылдар өтеді. Жерді ластаумен қатар, адамзат баласы табиғат байлықтарын да нысапсыз пайдалануда. Зерттеулерге сай, адамзаттың бір жылда пайдаланатын табиғат ресурстарының орны қайта толу үшін жер бір жарым жыл тынығуы керек. Бір газетте былай делінген: “Егер халық саны мен тұтыну көлемі осы қарқынмен өсе беретін болса, 2035 жылы бізге бір емес, екі Жер шары қажет болады” (“Sydney Morning Herald”).
ЖИІ АЙТАЛАТЫН ҚАРСЫ ПІКІР: Адамның қолынан көп нәрсе келеді. Бұл мәселенің де шешімін тауып, жерді аман сақтап қалады.
МҰНДАЙ ПІКІР ДҰРЫС ПА? Көптеген санасы ояу адамдар және ұйымдар қоршаған ортаның ластану мәселесі назардан тыс қалмауына барын салуда. Дегенмен жер ластанған үстіне ластана түсуде.
СІЗ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ? Киелі кітапта айтылғандай, Құдай бұл мәселені өз қолына алмаса, жердің аман қалуы екіталай емес пе?
Біз қарастырған бес пайғамбарлықпен қатар Киелі кітапта ақыр заманда орын алатын жағымды жайттар туралы да жазылған. Алтыншы пайғамбарлықта солардың бірі туралы айтылады.
[8-беттегі сөздер]
“Біреу жұмақ тәрізді жерімді тартып алып, мені улы заттар мен қоқысқа толы жерге қоныстандырғандай сезінемін”. (МЕКСИКА ШЫҒАНАҒЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЫНДА (АҚШ) ТҰРАТЫН ЭРИН ТАМБЕРДІҢ 2010 ЖЫЛЫ МҰНАЙ ТӨГІЛУІНІҢ САЛДАРЫ ТУРАЛЫ АЙТҚАН СӨЗДЕРІ)
[8-беттегі қоршау]
Бұл Құдайдың ісі ме?
Бүгінгі күні орын алып отырған қайғылы жағдайлар Киелі кітапта алдын ала айтылғандықтан, адамдар Құдайды кінәлап жатады. Шындығында бұл қайғы-қасіреттерді Құдай жіберіп отыр ма? Бұл сұрақтың қанағаттандырарлық жауабын Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” басылымының 11-тарауынан таба аласыз.
[8-беттегі түпдерек]
U.S. Coast Guard photo