Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

 БАЛАЛАРЫҢЫЗҒА ТӘЛІМ БЕРІҢІЗ

Құдайға ауыр тиетін жайттар бар. Біз оны қалайша қуанта аламыз?

Құдайға ауыр тиетін жайттар бар. Біз оны қалайша қуанта аламыз?

Қатты жарақат алып, жылаған кезің болған ба? ~ * Мұндай жағдай бәрімізде болған шығар. Алайда біреу бізді ренжіткенде де жылайтын кездер болады ғой? Мысалы, біреу біз туралы жалған нәрсе айтуы мүмкін. Бұл бізге ауыр тиеді емес пе? ~ Сол сияқты Құдай жайлы әлдебіреу өтірік айтса, бұл оған да ауыр тиеді. Қазір осы жайлы сөйлесіп, қалайша Құдайға реніш емес, қуаныш әкеле алатынымызды қарастырып көрейік.

Киелі кітапта Құдайды жақсы көреміз дей тұра, оны ренжіткен кейбір адамдар туралы жазылған. Иә, ондай адамдар Құдайды “қайғыртқан”! Ехоба Құдайдың тілін алмасақ, қалайша оны ренжітіп алуымыз мүмкін екенін көрейік.

Ехоба жаратқан ең алғашқы екі адам оны қатты ренжіткен болатын. Құдай сол екі адамды Едем деп аталған “пейіш бағына” орналастырған еді. Бұл адамдардың кімдер екенін білесің бе? ~ Иә, Адам ата мен одан кейін жаратылған Хауа ана. Олар Ехобаны қайғыртатындай не нәрсе істегенін білейік.

Ехоба оларды сол баққа орналастырғаннан кейін, оны күтіп-баптауды тапсырды. Сондай-ақ оларға балалы бола алатындарын және барлығы бірге сол бақта мәңгі өмір сүре алатындарын айтты. Алайда Адам ата мен Хауа ана балалы болмай тұрып, бір жаман оқиға орын алды. Қандай оқиға болғанын білесің бе? ~ Бір періште Адам ата мен Хауа ананы Ехобаға қарсы шығуға итермеледі. Мұның қалай болғанын көрейік.

Бұл періште жыланды сөйлеп тұрғандай етіп көрсетті. Хауа анаға жыланның “Құдай сияқты” боласыңдар деп айтқаны ұнады. Сөйтіп, ол жыланның  айтқанын істеді. Жылан Хауа анаға не дегенін білесің бе? ~

Ехоба Адам атаға жемеңдер деген ағаштың жемісін Хауа ана жеп қойды. Хауа ананы жаратпас бұрын Құдай Адам атаға: “Саған бақтағы күллі ағаштардың жемістерін жеуге болады. Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жемейсің! Себебі одан жесең, сол күні өлесің”,— деген болатын.

Хауа ана бұл заңды жақсы білетін. Алайда ол сол ағашқа қарап тұра берді де, оның “жеуге жақсы әрі көз тартарлық әдемі екенін... көрді. Содан ол ағаштың жемісінен алып жеді”. Кейінірек ол Адам атаға сол жемісті берді, “ол да жеді”. Қалай ойлайсың, Адам ата неге бұлай етті? ~ Өйткені Адам ата Ехобаға қарағанда, Хауа ананы көбірек жақсы көрді. Сондай-ақ ол Құдайдан гөрі Хауа анаға көбірек ұнағысы келді. Бірақ Ехобаның тілін алу басқа біреуді тыңдаудан әлдеқайда маңызды!

Хауа анаға тіл қатқан жылан есіңде ме? Адам қуыршақты сөйлеп тұрғандай ете алатыны сияқты, біреу жыланды сөйлеп тұрғандай етті. Жыланның артында тұрған кім екенін білесің бе? ~ Ол — “Ібіліс әрі Шайтан деп аталған ежелгі жылан”.

Ехобаны қалай қуанта алатыныңды білесің бе? ~ Сен мұны әрдайым оның тілін алу арқылы істей аласың. Шайтан кез келген адамға өзіне ұнайтынды істете алатынын айтады. Сондықтан Ехоба бізге былай дейді: “Балам, парасатты бол, мені қуантарсың, Сонда өзімді қорлағандарға жауап бере алармын”. Шайтан Ехобаны қорлады. Ол кез келген адамды Құдай жолынан тайдырта алатынын айтады. Алайда Ехобаның тілін алып, оған қызмет ететін болсаң, оны қуанта аласың. Ал сен осылай ету үшін көп күш саласың ба? ~

^ абзац 3 Егер балаңызбен бірге оқып отырсаңыз, сұрақтан кейінгі тильда (~) белгісі келгенде, кідіріс жасап, баланы өз ойын айтуға талпындырсаңыз болады.