Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Жер планетасы белгілі бір мақсатпен жаратылған ба?

Жер планетасы бақытты адамдардың тұрағы болу үшін жаратылған

Біздің планетамыз сан алуан тіршілік иелері өмір сүре алатындай, ыңғайлы етіп жаратылған. Онда тіршілік үшін қажетті мол су қоры бар. Жердің қиғаш орналасқаны және оның орбитасы мен айналымы мұхиттарды мұз болып қатып қалудан не қайнап кетуден сақтайды. Жердің атмосфера қабаты мен магнит өрісі тіршілік иелерін аса қауіпті радиациядан қорғайды. Жердегі жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысы шынымен-ақ таңғаларлық. Сондықтан көп адам Жер планетасы белгілі бір мақсатпен жаратылған деп тұжырымдайды (Ишая 45:18 оқыңыз).

Алайда сіз: “Егер Жер планетасы белгілі бір мақсатпен жаратылған болса, қайғы-қасірет пен әділетсіздік сол мақсатқа кірген бе?”— деп ойланатын шығарсыз (Заңды қайталау 32:4, 5 оқыңыз).

Жердің жаратылғандағы мақсаты жүзеге аса ма?

Жер планетасы бақытты, бір-бірін құрметтейтін және Жаратушысын жақсы көретін адамдар мекен ету үшін жаратылған. Демек, өсімдік пен жануар атаулыға қарағанда, адам өмірінің мағынасы зор. Біз Жаратушымыздың кім екенін түсінеміз және оның сүйіспеншілігі мен әділдігіне еліктеп, тәнті бола аламыз (Уағыздаушы 12:13; Миха 6:8 оқыңыз).

Біздің Жаратушымыз көздеген нәрселерінің барлығын жүзеге асыра алады. Сондықтан біз болашақта Құдайдың қайғы-қасірет пен әділетсіздікті жойып, жерді бақытты адамдардың тұрағына айналдыратынына сенімді бола аламыз (Забур 36:11, 29; Ишая 55:11 оқыңыз).