Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ҚҰДАЙ ПАТШАЛЫҒЫ СІЗ ҮШІН НЕ ІСТЕЙДІ?

Құдай Патшалығына неге көп көңіл бөлінеді?

Құдай Патшалығына неге көп көңіл бөлінеді?

Дүниежүзіндегі миллиондаған адам Құдай Патшалығына үміт артады. Олар Иса үйреткен дұғаға сай: “Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің жер бетінде орындалсын!”— деген тілек айтады (Матай 6:10).

Бір қызығы, Құдай Патшалығы көп адамға маңызды болғанмен, діндердің көбісі үшін ол қатардағы ілімдердің бірі ғана. Тарихшы Г. Дж. Уэллстың байқауынша, Иса Көктегі Патшалық деп аталған ілімге баса назар аударғанына қарамастан, мәсіхшілер шіркеуінің көпшілігінде бұл тақырып онша маңызды деп есептелмейді.

Ал Ехоба куәгерлері Құдай Патшалығына ерекше көңіл бөледі. Мысалы, сіз оқып отырған осы журнал — дүниежүзінде ең көп таратылатын басылым. Ол 220 тілге аударылып, 46 миллионға жуық данамен басып шығарылады. Журналдың негізгі хабарына келсек, бұл оның “Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды” деген атауынан-ақ көрінеді *.

Ехоба куәгерлері Құдай Патшалығын жариялауға неге соншалық көп күш салып жүр? Себебі Құдай Патшалығы дүниедегі ең маңызды кітап — Киелі кітаптың өзекті тақырыбы болып табылады. Бұған қоса, адамзат кезігіп жатқан қиыншылықтардың бәрін тек Құдай Патшалығы ғана шешетініне сенімдіміз.

Ехоба куәгерлері адамдардың көңілін Құдай Патшалығына аударуымен Иса пайғамбардың үлгісіне еліктейді. Өйткені ол Құдай Патшалығын өмірінде де, қызметінде де бірінші орынға қойған (Лұқа 4:43). Патшалық Иса үшін неге сонша маңызды болған? Неге сіз үшін де бұл маңызды болу керек? Бұл сұрақтардың жауабын Киелі кітап береді. Мұны келесі мақалалардан оқуға шақырамыз.

^ Ехоба — Киелі кітапта жазылған Құдайдың есімі.