Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Өлгендер қайта өмір сүре ме?

Жаратушымыз адамға қайтадан өмір бере алады

Ехоба Құдай — өмірдің Қайнар көзі (Зәбүр 36:9). Ендеше, ол өлгендерге қайтадан өмір бере алады емес пе? Киелі кітап бізді болашақта Құдай тап солай етеді деп сендіреді (Елшілердің істері 24:15 оқыңыз). Неге ол өлгендерді қайта тірілткісі келеді?

Жаратушымыз адам баласының жер бетінде мәңгі өмір сүргенін о бастан қалаған (Мұсаның 1-жазбасы 1:31; 2:15—17). Оның ниеті әлі де өзгерген жоқ. Өміріміздің қиындыққа толы әрі қысқа екені оның жанына батады (Әйүп 14:1, 14, 15 оқыңыз).

Қайта тірілгендер қайда өмір сүреді?

Құдай адамды көкте өмір сүру үшін жаратқан ба? Жоқ, ол көкте өмір сүру үшін періштелерді жаратқан. Ал адамдар жерде өмір сүру үшін жаратылған (Мұсаның 1-жазбасы 1:28; Әйүп 38:4, 7). Мұны есте ұстаған жөн. Кезінде Иса да өлгендерді жер бетінде өмір сүру үшін қайта тірілткен. Болашақта қайта тірілетіндердің басым көпшілігі де жерде өмір сүретін болады (Жохан 5:28, 29; 11:44 оқыңыз).

Алайда Құдайдың шешімі бойынша, азғана адам көкте өмір сүру үшін рухани денемен қайта тіріледі (Лұқа 12:32; Қорынттықтарға 1-хат 15:49, 50). Олар Мәсіхпен бірге патша болып, жер бетіне билік жүргізеді (Аян 5:9, 10 оқыңыз).