Еврейлерге 10:1—39

  • Құрбандыққа шалынған мал күнәдан тазарта алмайды (1—4)

    • Заң — болашақ баталардың көлеңкесі (1)

  • Мәсіхтің құрбандығы күнәдан біржола тазартады (5—18)

  • Өмірге апаратын жаңа жол (19—25)

    • Қауым кездесулерін қалдырмайық (24, 25)

  • Әдейі күнә жасаудан сақтандыру (26—31)

  • Табанды болуға қажетті сенім мен сенімділік (32—39)

10  Заң — болашақ баталардың өзі емес, тек көлеңкесі ғана+. Сондықтан жыл сайын бірдей құрбандықтар ұсынуды талап ететін Заң* Құдайға жақындағысы келетіндерді кемелді ете алмайды+.  Олай болған күнде, қасиетті қызмет атқарып жүргендер біржола тазарып, бұдан былай өздерін күнәлі сезінбей, құрбандық шалу доғарылмас па еді?  Қайта, бұл құрбандықтар жыл сайын күнәларды еске салып тұрады+.  Себебі бұқалар мен ешкілердің қаны күнәдан тазарта алмайды.  Сондықтан Мәсіх осы дүниеге келгенде, Құдайға былай деген: “Сен құрбандық пен сый-тартуды қаламадың, бірақ маған дене дайындап қойдың.  Түгел өртелетін және күнә үшін берілетін құрбандықтарды жаратпадың+.  Сондай-ақ мен былай дедім: —Бір шиыршықта мен туралы жазылғандай, уа, Құдай, міне, мен сенің еркіңді орындауға келдім+”.  Алдымен, ол: “Сен құрбандықтар мен сый-тартуларды, түгел өртелетін және күнә үшін берілетін құрбандықтарды қаламадың да, жаратпадың да”,— деп, Заңға сай шалынатын құрбандықтар жайлы айтты.  Сосын: “Міне, мен сенің еркіңді орындауға келдім”+,— деді. Ол екіншісін орнату үшін біріншісін жоққа шығарды. 10  Біз, Құдайдың осы “еркі” бойынша+, Иса Мәсіх денесін біржола ұсынғандықтан қасиетті болдық+. 11  Сондай-ақ әрбір діни қызметкер күн сайын өз орнында қасиетті қызметін атқарып+, қайта-қайта бірдей құрбандықтар ұсынады+. Бірақ бұлар ешқашан күнәдан толығымен арылта алмайды+. 12  Ал бұл адам күнәлардан арылту үшін тек бір рет құрбандық ұсынды да, Құдайдың оң жағына отырды+. 13  Содан бері ол жауларының аяғының астына салынып берілуін күтуде+. 14  Ол қасиетті болып жатқандарды бір құрбандық ұсынуымен біржола кемелді етті+. 15  Киелі рух та бізге осыны растап, алдымен, былай дейді: 16  “Сол күндерден кейін олармен келісім жасасамын. Заңдарымды олардың жүректеріне саламын және саналарына жазып қоямын,— дейді Ехоба”+. 17  Сосын киелі рух: “Мен олардың күнәлары мен заңсыз істерін бұдан былай есіме алмаймын”+,— дейді. 18  Ал мұндай күнәлар кешірілетін болса, онда құрбандық ұсынудың қажеті жоқ. 19  Сондықтан, бауырластар, Исаның қанының арқасында жол ашылды. Сол арқылы біз қасиетті орынға+ батыл кіре аламыз 20  (ал өмірге апаратын осы жаңа жолды шымылдық+, яғни өз денесі, арқылы Иса ашты), 21  сондай-ақ біздің Құдай үйінің үстінен қарайтын ұлы діни қызметкеріміз бар+. 22  Сол себепті жүрегімізді бүлінген ар-ұжданнан бүркіп тазартып+ және денемізді таза сумен жуып+, Құдайға шын жүректен әрі берік сеніммен жақындайық. 23  Ел алдында үмітіміз жайлы еш күмәнданбай әрі талмай жариялай берейік+, себебі уәде берген Құдай сөзіне адал. 24  Сүйіспеншілікке және игі істерге талпындыру үшін, бір-бірімізге көңіл бөлейік+. 25  Кейбіреулер сияқты жиналыстарға бармай қалуды әдетке айналдырмайық+, қайта, бір-бірімізді жігерлендіре берейік+. Сол күннің жақын қалғанын білгендіктен, бұларды бұрынғыдан да көбірек істейік+. 26  Егер шындық жайлы тура білім алғаннан кейін де, әдейі күнә жасай берсек+, онда күнәларымыздан арылтатын басқа ешқандай құрбандық жоқ+. 27  Қайта, қорқынышты сот пен Құдайға қарсы шыққандарды жалмағалы тұрған отты қаһарға ұшырауды күтуден басқа ештеңе де қалмайды+. 28  Егер кімде-кім Мұса Заңына немкетті қараса, әрі бұны екі-үш куәгер растаса, ол аяусыз өлімге кесіледі+. 29  Олай болса, Құдай Ұлын аяқпен таптаған, өзін қасиетті еткен келісім қанын+ бағаламаған және рақымын көрсетіп отырған Құдайдың рухын қорлаған адам одан да ауыр жазаға лайық емес пе+? 30  Өйткені “Кек алу — менің ісім. Есесін мен қайтарамын” деген сөздерді Құдай айтқанын білеміз. Сондай-ақ: “Ехоба өз халқын соттайды”+,— деп жазылған. 31  Тірі Құдайдың қолына түсіп, жазалану қандай қорқынышты! 32  Бұрынғы күндерді еске алыңдаршы, шындықты білгеннен кейін+, сендер азап шеге жүріп аянбай күрестіңдер, әрі төтеп бердіңдер. 33  Кейде жұрт алдында қорлық көріп, азап шексеңдер, кейде осындай жағдайға тап болғандардың қасіретіне ортақтастыңдар. 34  Түрмеге түскен бауырластарға да жанашырлық таныттыңдар. Дүние-мүліктерің талан-таражға салынғанда, бұны қуанышпен қабылдадыңдар+, өйткені бұдан әлдеқайда құнды әрі мәңгілік мұраларыңның бар екенін білдіңдер+. 35  Сондықтан батыл сөйлеуді доғармаңдар, сонда зор сыйға ие боласыңдар+. 36  Құдайдың еркін орындап, оның уәде еткенін иемдену үшін, табанды болуларың қажет+. 37  Өйткені “азғана уақыт” қалды+, “келе жатқан ол келіп жетеді, еш кешікпейді”+. 38  “Ал менің әділ қызметшім сенімінің арқасында өмір сүреді”+, “егер қаймығып, кері шегінсе, оны жаным жаратпайды”+. 39  Біз болсақ кері шегініп, жойылатындардың емес+, жанын аман сақтау үшін сенімге ие болғандардың қатарынанбыз.

Сілтемелер

Мүмкін: “Сондықтан адамдар жыл сайын бірдей құрбандықтар ұсыну арқылы”.