Зәбүр 105:1—45
105 Ехобаға алғыс айтыңдар+, есімін атап шақырыңдар,Халықтар арасында істерін жария қылыңдар+!
2 Оған ән шырқаңдар, мадақ әнін айтыңдар,Барлық керемет істері жайында ойланыңдар*+.
3 Киелі есімін мақтан тұтыңдар+,Лайым Ехобаны іздейтіндердің жүрегі қуанышқа толсын+.
4 Ехобаны іздеңдер+, күш дарытуын сұраңдар,Ықыласына ие болуға ұмтылудан талмаңдар.
5 Жасаған керемет істерін ұмытпаңдар,Кереметтері мен шығарған үкімдерін есте ұстаңдар+,
6 Ей, Құдайдың қызметшісі Ыбырайымның ұрпақтары+,Жақыптың ұлдары, Құдайдың таңдаулылары+!
7 Ол — Ехоба, біздің Құдайымыз+,Ол жержүзіне үкім шығарады+.
8 Келісімін мәңгі есінде ұстайды+,Берген уәдесін ұрпақтан ұрпаққа ұмытпайды+.
9 Ыбырайыммен жасасқан келісімін де+,Ысқаққа берген антын да жадында сақтайды+.
10 Сол антын Жақыпқа жарлық етіп,Исраилге мәңгілік келісім етіп бекіткенде,
11 Ол: “Мұралы иелігің ретінде+ саған Қанахан жерін беремін”,— деген еді+.
12 Құдай мұны айтқанда, олар аз болатын+,Иә, өте аз болатын, әрі сол елде кірме ретінде тұратын+.
13 Олар ел-елді аралап,Патшалықтан патшалыққа көшіп жүретін+.
14 Құдай оларды ешкімге жәбірлетпеді+,Қайта, патшаларға ескертіп+ былай деді:
15 “Менің майланғандарыма тиіспеңдер,Пайғамбарларыма еш жамандық істемеңдер+!”
16 Құдай сол елге ашаршылық жайлатты+,Жейтін нандарын тапшы қылды.
17 Олардан бұрын бір кісіні жіберді,Бұл құлдыққа сатылған Жүсіп еді+.
18 Оның аяғы бұғауланды+,Мойнына темір құрсау салынды.
19 Айтқаны жүзеге асқанға дейін+
Ехоба оны сөзімен балқытып тазартты.
20 Патша оны азат етуді бұйырды+,Халықтардың әміршісі босатты.
21 Оны үй ішіне қожайын етіп қойды,Бүкіл иелігінің басқарушысы қылды+.
22 Осылай бекзадаларының үстінен билік еткізді*,Ақсақалдарын даналыққа үйреткізді+.
23 Сосын Мысырға Исраил келді+,Жақып жатжерлік болып Хам жерінде тұрды.
24 Құдай өз халқын үбірлі-шүбірлі етіп молайтты+,Оларды жауларынан да мықты қылды+.
25 Жауларының жүрегін өзгертіп, өз халқын жек көргізді,Өз қызметшілеріне қарсы зымияндық жасатты+.
26 Ол қызметшісі Мұсаны жіберді+,Оған өзі таңдаған Харонды ергізді+.
27 Екеуі оларға Құдайдың белгілерін көрсетті,Хам жерінде оның кереметтерін паш етті+.
28 Құдай қараңғылық жіберіп, елге түнек жайлатты+;Әлгі екеуі оның сөзіне қарсы шықпады.
29 Ол мысырлықтардың суларын қанға айналдырып,Балықтарын қырып тастады+.
30 Жерлеріне бақа құжынатты+,Патша бөлмелеріне де қаптатты.
31 Соналарға ұшып келуді бұйырды,Олардың бүкіл аймағына шіркей қондырды+.
32 Жаңбырларын бұршаққа айналдырды,Елдерінде найзағай ойнатты+.
33 Жүзімдігі мен інжір ағаштарын құлатты,Жерлеріндегі күллі ағашты сындырды.
34 Оның бұйыруымен обыр шегіртке қаптады,Сансыз шегіртке құрттары құжынады+.
35 Олар елдегі бар өсімдікті жалмады,Жер өнімінен түк те қалдырмады.
36 Сосын елдің күллі тұңғышын өлтірді+,Бел қуаттарының бастапқы жемісін құртты.
37 Өз халқын алтын-күміспен алып шықты+,Руларының арасында қажып-қалжырағандар болмады.
38 Мысырлықтарды үрей басты,Сондықтан Исраил кеткенде, олар қуанды+.
39 Құдай бұлтты перде іспетті жапты+,Түнде Исраилге от жарығын шашты+.
40 Ет сұрап еді, бөденелер ұшырып әкелді+,Көктен нан беріп отырды+.
41 Жартасты жарып еді, су ақты+,Шөл даламен өзендей сарқырады+.
42 Өйткені ол қызметшісі Ыбырайымға берген қасиетті уәдесін ұмытпады+.
43 Сондықтан халқын шаттықпен,Таңдап алған адамдарын қуанышпен шығарды+.
44 Оларға өзге ұлттардың жерін берді+,Өзге халықтардың тер төгіп тапқандарын иемдендірді+.
45 Мұны өз халқы жарлықтарын ұстанып+,Заңдарын орындасын деп істеді.
Ехобаны* мадақтаңдар!
Сілтемелер
^ Мүмкін: “айтыңдар”.
^ Немесе “жан қалауы бойынша билік еткізді”.
^ Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.