Зәбүр 108:1—13
Дәуіттің жыры.
108 Жүрегім мызғымас берік, уа, Құдайым.
Бар болмысыммен өзіңді даңқтап ән саламын+.
2 Уа, ішекті аспап, оян! Сен де оян, уа, арфа+!
Мен таң шапағымен бірге тұрамын.
3 Уа, Ехоба, халықтар арасында сені мадақтаймын,Ұлттар арасында өзіңді даңқтап ән саламын.
4 Себебі айнымас сүйіспеншілігің зор, көкке дейін жетеді+,Адалдығың бұлттарға дейін жетеді.
5 Уа, Құдайым, көктен жоғары асқақташы!
Даңқыңды жер бетінен жоғары шарықтатшы+!
6 Оң қолыңмен аман сақтап, маған жауап берші,Өзің жақсы көретіндер құтқарылсын+.
7 Киелі Құдай* былай деді:
“Мен шаттанамын, Сихемді+ халқымның үлесіне беремін,Суқот аңғарын да өлшеп беремін+.
8 Ғалақат+ менікі, Манаса да маған тиесілі,Ефрем — басыма киер дулығам+,Яһуда — билеушімнің асатаяғы+.
9 Моаб — шылапшыным+,Едомға сандалымды лақтырамын+,Філістір жеріне жеңімпаз үнмен айғай саламын+”.
10 Кім мені бекіністі қалаға кіргізеді?
Кім мені Едомға бастап алып жүреді+?
11 Өзің емессің бе, уа, бізден бас тартқан Құдайымыз,Бұдан былай әскерімізбен бірге соғысқа шықпайтын Құдайымыз+?!
12 Қиын шақта келе көр көмекке+,Өйткені пенде құтқарады деп күту — бос әуре+.
13 Құдай бізге күш сыйлайды+,Жауларымызды аяғымен таптайды+.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “Құдай киелі тұрағында”.