Зәбүр 118:1—29

  • Жеңісі үшін Ехобаға алғыс айту

    • “Мен Ехобаны шақырдым, ол жауап берді” (5)

    • “Ехоба менің жағымда” (6, 7)

    • Құрылысшылар бас тартқан тас негізгі бұрыштық тасқа айналады (22)

    • “Ехобаның атынан келе жатқан жарылқансын” (26)

118  Ехобаға алғыс айтыңдар, өйткені ол ізгі+,Айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.   Лайым Исраил: “Оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі”,— десін.   Лайым Харон үйі: “Оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі”,— десін.   Лайым Ехобадан қорқатындар: “Оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі”,— десін.   Басыма күн туғанда, мен Ехобаны* шақырдым,Ехоба* жауап беріп, мені қауіпсіз жерге тұрғызды+.   Ехоба менің жағымда; мен еш қорықпаймын+. Адам баласы маған не істей алады+?!   Көмекшім Ехоба менің жағымда*+. Мен өзімді жек көретіндердің жеңілгенін көремін+.   Адам баласына сенім артқаннан,Ехобаны паналаған артық+.   Бекзадаларға сенім артқаннан+,Ехобаны паналаған артық. 10  Ұлт атаулы мені қоршап алды,Бірақ Ехобаның есімімен мен оларды тойтарып тастадым+. 11  Олар мені қоршап алды, иә, жан-жағымнан анталады,Бірақ Ехобаның есімімен мен оларды тойтарып тастадым. 12  Олар айналамда арадай құжынады,Бірақ тікендей лап етті де, лезде өшіп қалды. Ехобаның есімімен мен оларды тойтарып тастадым+. 13  Құлатпақ болып, олар мені қатты итерді*,Бірақ Ехоба көмекке келді. 14  Ехоба* — менің панам әрі күш-қуатым,Ол менің құтқарушым болды+. 15  Әділ жандардың шатырында қуаныш пен жеңіс үні естіледі. Ехобаның оң қолы құдіретін паш етеді+. 16  Ехобаның оң қолы асқақтай түседі,Ехобаның оң қолы құдіретін паш етеді+. 17  Ехобаның* істерін жариялау үшін,Мен өлмеймін, өмір сүремін+. 18  Ехоба* мені қатаң жазалады+,Бірақ өлімнің уысына салмады+. 19  Маған әділдік қақпаларын ашыңдар+,Солар арқылы кіріп, Ехобаны* мадақтайын. 20  Мынау — Ехобаның қақпасы. Сол арқылы әділдер кіреді+. 21  Сен маған жауап бердің+, әрі құтқарушым болдың,Сондықтан өзіңді мадақтаймын. 22  Құрылысшылар бас тартқан тас негізгі бұрыштық тасқа* айналды+. 23  Мұны Ехобаның өзі жасады+,Біздің көз алдымызда бұл керемет іс болды+. 24  Бұл күнді Ехоба белгілеген,Сол күні біз шаттанамыз, қуанамыз. 25  Ехоба, бізді құтқара көрші, жалынамыз! Уа, Ехоба, бізді жеңіске жеткізе көрші! 26  Ехобаның атынан келе жатқан жарылқансын+,Біз оған Ехобаның үйінен бата береміз. 27  Ехоба — Құдай,Ол бізге жарық сыйлайды+. Бұтақшалар алып, мерекелі шеруге қосылыңдар+,Құрбандық ошағының мүйіздеріне жақындаңдар+. 28  Сен менің Құдайымсың, өзіңді мадақтаймын,Құдайым, өзіңді асқақтата даңқтаймын+. 29  Ехобаға алғыс айтыңдар+, өйткені ол ізгі,Айнымас сүйіспеншілігі мәңгі+.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Мүмкін: “Ехоба маған көмектесушілермен бірге”.
Мүмкін: “сен мені қатты итердің”.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Түсіндірмедегі “Бұрыштық тас” сөзін қараңыз.