Зәбүр 124:1—8

  • “Ехоба бізге жар болмағанда”

    • Тор жыртылып, аман қалдық (7)

    • “Ехобаның есімінен көмек күтеміз” (8)

Қалаға өрлеп бара жатқанда айтылатын ән. Дәуіттің жыры. 124  “Ехоба бізге жар болмағанда...”+ Исраил маған қосылып былай десін:   “Жауларымыз шабуыл жасағанда+,Ехоба бізге жар болмағанда+,   Олар қаһары лаулаған кезде+,Бізді тірідей жұтып қояр еді+.   Бізді су шайып кетер еді,Сел басып қалар еді+.   Буырқанған су үстімізге құлар еді.   Бізді жауымыздың аранынан сақтаған Ехоба мадақталсын.   Біз аңшының торынан құтылған құсқа ұқсаймыз+,Тор жыртылып, аман қалдық+.   Біз көк пен жердің Жаратушысы Ехобаның есімінен көмек күтеміз+”.

Сілтемелер