Зәбүр 13:1—6
Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры.
13 Уа, Ехоба, қашанғы мені ұмыт қалдырасың? Мәңгіге ме?
Қашанғы менен жүзіңді жасырасың+?
2 Қашанғы уайымға салынып,Жүрегім күн сайын қан жылай бермек?
Қашанғы жауым менен үстем бола бермек+?
3 Уа, Ехоба Құдайым, маған назар салып, жауап берші.
Өлім ұйқысына кетпеуім үшін көзімді жайната көрші.
4 Сонда жауым: “Мен оны жеңдім!”— демейді.
Қастастарым құлағанымды көріп қуанбасыншы+.
5 Ал мен сенің айнымас сүйіспеншілігіңді медет тұтамын+,Құтқаруыңды ойлап шын жүректен қуанамын+.
6 Көл-көсір игілігі үшін Ехобаға арнап ән айтамын+.