Зәбүр 130:1—8

  • “Қатты қиналғанымда өзіңді шақырамын”

    • “Егер сен күнәларымызды байқай берсең” (3)

    • Ехоба толықтай кешіреді (4)

    • “Мен Ехобаны тағатсыздана күтемін” (6)

Қалаға өрлеп бара жатқанда айтылатын ән. 130  Қатты қиналғанымда өзіңді шақырамын, уа, Ехоба+.  Уа, Ехоба, үнімді ести көрші. Көмек сұрап жалбарынғанымда, лайым құлақ түргейсің.   Ехоба*, егер сен күнәларымызды байқай берсең,Онда алдыңда кім тұра алады, уа, Ехоба+?   Бірақ адамдар сені қастерлеу үшін,Олардың күнәларын толықтай кешіресің+.   Мен үмітімді Ехобаға артамын,Бар болмысыммен үміттенемін,Сөзінің орындалғанын күтемін.   Мен Ехобаны тағатсыздана күтемін+,Күзетшінің таңды күткенінен бетер+,Иә, күзетшінің таңды күткенінен бетер зарыға күтемін.   Лайым Исраил Ехобаны күтуден жалықпасын. Өйткені Ехобаның айнымас сүйіспеншілігі мол+,Халқының құнын өтеп алатын құдіреті зор.   Ол Исраилдің күнәларының құнын өтеп алады.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.