Зәбүр 143:1—12
Дәуіттің жыры.
143 Уа, Ехоба, дұғамды ести көрші+,Жалбарынған үніме құлақ түрші.
Адалдығың мен әділдігіңе сай маған жауап берші.
2 Қызметшіңмен соттаса көрме,Өйткені сенің алдыңда ешкім әділ бола алмайды+.
3 Жауым қыр соңымнан қалмай қудалайды,Мені жерге жығып жаныштайды,Баяғыда өліп кеткендер сияқты, түнекте тұруға мәжбүрлейді.
4 Жігерім* жасып+,Жүрегім кеудемде семіп қалды+.
5 Ежелгі күндерді еске аламын,Барлық істерің жөнінде ойланамын+,Қолыңның істерін ой елегіне саламын.
6 Өзіңе қарай қол жаямын;Қуаң жер жаңбыр тілейді,Менің жаным да өзіңді аңсап шөліркейді+. (Села)
7 Тезірек жауап қатшы, уа, Ехоба+,Қажыр-қайратым таусылып барады+.
Менен жүзіңді жасырмашы+,Әйтпесе көрге түсіп бара жатқандар сияқты боламын+.
8 Таң сәріден айнымас сүйіспеншілігің жөнінде естірте көрші,Өйткені мен саған сенім артамын.
Жүрер жолымды көрсете көрші+,Өйткені өзімді саған бағыштағанмын.
9 Жауларымнан құтқаршы, уа, Ехоба,Мен өзіңнен пана іздеймін+.
10 Маған еркіңді орындауды үйретші+,Себебі сен менің Құдайымсың.
Сенің рухың игі,Ол мені тегіс жермен алып жүрсінші.
11 Уа, Ехоба, өз есімің үшін мені аман сақтай көр,Әділдігіңе сай қиындықтардан жанымды құтқара көр+.
12 Айнымас сүйіспеншілігіңе сай жауларымның көзін құрта көр+,Маған маза бермейтіндердің бәрін жоя көр+,Өйткені мен сенің қызметшіңмін+.
Сілтемелер
^ Немесе “Рухым”.