Зәбүр 149:1—9
149 Ехобаны* мадақтаңдар!
Ехобаға арнап жаңа ән айтыңдар+,Адалдардың қауымында оны мадақтаңдар+!
2 Ұлы Жаратушының істеріне Исраил қуансын+,Патшаларының істеріне Сион ұлдары шаттансын.
3 Оның есімін би билеп мадақтасын+,Даңғыра, арфамен мадақ әнін айтсын+.
4 Өйткені Ехоба өз халқынан рақат табады+.
Момындарды құтқарып, мерейін асырады+.
5 Адал жандар абыройлы болғандарына шаттансын,Төсектерінде де қуана ән салсын+.
6 Ауыздарынан Құдайды мадақтайтын ән түспесін,Қолдарына екі жүзді семсер алып,
7 Ұлттардан кек алсын,Халықтарды жазаласын,
8 Патшаларына бұғау салсын,Ақсүйектерін кісендесін,
9 Солар үшін жазылған үкімді жүзеге асырсын+.
Адалдардың бәріне осындай құрмет тиесілі.
Ехобаны* мадақтаңдар!
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
^ Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.