Зәбүр 36:1—12
Ән-күй жетекшісіне. Ехобаның қызметшісі Дәуіттің жыры.
36 Зұлымның жүрек түкпірінен заңсыздық сөйлейді;Зұлымның көзінен Құдайдан қорқудың нышаны да көрінбейді+.
2 Өйткені ол тым асқақтап, өзін-өзі алдайды,Сондықтан күнәсін байқап, оны жек көре алмайды+.
3 Аузынан тек зұлымдық пен өтірік сөз шығады,Жақсылық жасаудың не екенін ұқпайды.
4 Тіпті төсегінде жатып зымияндық ойлайды.
Аяғы тура жолда тұрмайды,Жамандықтан бас тартпайды.
5 Уа, Ехоба, сенің айнымас сүйіспеншілігің көкке дейін+,Адалдығың бұлттарға дейін жетеді.
6 Әділдігің айбынды таулардай*+,Шешімдерің шалқар әрі терең сулардай+.
Сен адамды да, хайуанды да аман сақтайсың, уа, Ехоба+!
7 Құдайым, айнымас сүйіспеншілігің неткен бағалы еді+!
Қанатыңның саясынан адамдар пана табады+.
8 Олар үйіңдегі мол дастарқаннан ішіп-жеп тойынады+;Сен оларға дариядай көл-көсір игілігіңнен ішкізесің+.
9 Өмірдің қайнар көзі сенде+;Сенің жарығың арқылы біз жарық көре аламыз+.
10 Өзіңді білетіндерге айнымас сүйіспеншілігіңді+,
Ақжүрек жандарға әділдігіңді көрсете берші+.
11 Тәкаппарлардың мені аяғымен таптауына,Зұлымдардың қаңғытып жіберуіне жол бермеші.
12 Әне, заңсыздық жасаушылар құлады,Сұлап түсіп, тұра алмай жатыр+.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “Құдайдың тауларындай”.