Зәбүр 47:1—9
Ән-күй жетекшісіне. Қорах ұлдарының жыры+.
47 Күллі халықтар, қол соғыңдар,Шаттық үнімен Құдайға жеңіс әнін айтыңдар.
2 Өйткені Құдай Тағала Ехоба аса айбынды+,Ол — бүкіл жер бетінің ұлы Патшасы+.
3 Ол бізге халықтарды бағындырады,Ұлттарды аяғымыздың астына жығады+.
4 Мұралы иелігіміз болсын деп+,Өзі сүйген Жақыптың мақтаулы меншігін таңдады+. (Села)
5 Құдай халықтың шаттық үнімен көтерілді,Ехоба керней* үнімен түрегелді.
6 Құдайға ән шырқаңдар, оны мадақтаңдар,Патшамызға ән шырқаңдар, оны мадақтаңдар.
7 Өйткені Құдай — бүкіл жер бетінің Патшасы+.
Оған ән шырқаңдар, түсінікпен әрекет етіңдер.
8 Құдай халықтар үстінен Патша болды+,Құдай қасиетті тағына отырды.
9 Халықтардың басшылары жиналды,Ыбырайым сиынған Құдайдың халқымен бірге бас қосты.
Себебі жер бетінің билеушілері Құдайға тиесілі.
Құдай заңғар биікке асқақтады+.
Сілтемелер
^ Немесе “қошқар мүйізінің”.