Зәбүр 57:1—11
Ән-күй жетекшісіне. “Құрта көрме” әуенімен айтуға арналған Дәуіттің жыры. Михтам*. Саулдан үңгірге қашып кеткендегі оқиғаға қатысты жазылған+.
57 Ықыласыңды түсіре көрші, уа, Құдайым, ықыласыңды түсіре көрші,Себебі мен өзіңді паналаймын+.
Басыма түскен қиындық өтіп кеткенше,Қанатыңның астын саялаймын+.
2 Мен Алла Тағаланы,Жауларымның көзін құртатын шынайы Құдайды, көмекке шақырамын.
3 Ол көктен көмек жіберіп, мені құтқарады+.
Мені тістеп, айырылмай жүрген адамды әбігерге салады. (Села)
Құдай маған айнымас сүйіспеншілік пен адалдық танытады+.
4 Мен арыстандар арасында қалдым+;Жалмап қоюға даяр адамдардың арасында жатуға мәжбүрмін.
Олардың тістері найза мен жебедей,Тілдері өткір семсердей+.
5 Уа, Құдайым, көктен жоғары асқақташы!
Даңқыңды жер бетінен жоғары шарықтатшы+!
6 Жауларым аяғыма тор құрды+,Қиыншылықтан бүгіліп қалдым+.
Алдымнан олар ор қазды,Бірақ соған өздері құлады+. (Села)
7 Жүрегім мызғымас берік, уа, Құдайым+,Жүрегім мызғымас берік.
Құдайым, өзіңді даңқтап ән саламын.
8 Жан дүнием*, оян!
Уа, ішекті аспап, оян! Сен де оян, уа, арфа!
Мен таң шапағымен бірге тұрамын+.
9 Уа, Ехоба, халықтар арасында сені мадақтаймын+,Ұлттар арасында өзіңді даңқтап ән саламын+.
10 Себебі айнымас сүйіспеншілігің зор, көкке дейін жетеді+,Адалдығың бұлттарға дейін жетеді.
11 Уа, Құдайым, көктен жоғары асқақташы!
Даңқыңды жер бетінен жоғары шарықтатшы+!