Зәбүр 64:1—10

  • Тұтқиылдан жасалған шабуылдан қорғаныш

    • “Құдай жебемен оларды атады” (7)

Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры. 64  Жалбарынғанымда, уа, Құдай, үнімді ести көрші+. Жауларымның қоқан-лоқысынан өмірімді сақташы.   Зұлымдардың зымияндығынан+,Қиянатшылдардың тобырынан қорғашы.   Олар тілдерін семсердей қайрап,Уытты сөздерін садақтай көздеп,   Кінәратсыз жанды тұтқиылдан атпақшы. Олар еш қорықпай, кенеттен оны атады.   Зымиян ниеттерінен таймайды*,Құрған торларын қалай жасыруды ойлайды. Өзара былай дейді: “Бұларды кім байқайды?!”+   Олар қиянат жасаудың түрлі жолдарын іздейді,Арамза жоспарлары туралы ешкімге ләм демейді+,Көкейіндегі ойларын тірі жан түсініп білмейді.   Бірақ Құдай жебемен оларды атады+,Олар кенеттен жарақаттанады.   Тілдерінің кесірінен опат болады+. Мұны көргендердің бәрі бастарын шайқайды,   Сонда жұрт бірі қалмай қорқады;Олар Құдайдың істегенін жариялайды,Оның жасаған істерін ұғынады+. 10  Әділ жан Ехобаны ойлап қуанады әрі одан пана табады+;Ақжүректілердің бәрі шаттанатын болады.

Сілтемелер

Немесе “Бір-бірінің зұлым істерін қолдайды”.