Зәбүр 67:1—7
Ән-күй жетекшісіне. Ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалуға арналған. Жыр әрі ән.
67 Құдай бізге ықыласын түсіреді, батасын да береді,Бет-жүзінің нұрын төгеді+. (Села)
2 Ол мұны өз жолын жержүзіне мәлім ету үшін+,Құтқарушы екенін күллі ұлттарға білдіру үшін істейді+.
3 Уа, Құдай, лайым халықтар сені мадақтасын,Лайым барша халық мадақтасын!
4 Лайым ұлттар қуансын, шаттана дауыстасын+,Өйткені сен халықтарға әділ сот жүргізесің+,Жер бетіндегі ұлттарға бағыт-бағдар бересің. (Села)
5 Уа, Құдай, лайым халықтар сені мадақтасын,Лайым барша халық мадақтасын!
6 Жер өз өнімін береді+,Құдай, біздің Құдайымыз, батасын төгеді+.
7 Құдай бізге батасын төгеді,Жержүзінің адамдары оны құрметтейді+.