Зәбүр 70:1—5
-
Тезірек көмек беруін сұрау
-
“Менің игілігім үшін тезірек әрекет етші” (5)
-
Ән-күй жетекшісіне. Ескертпе болу үшін жазылған Дәуіттің жыры.
70 Уа, Құдай, құтқара көр,Уа, Ехоба, тезірек көмекке келе көр+.
2 Жанымды алудың жолын іздеп жүргендер ұятқа қалып, қарабет болсын.
Бақытсыздыққа ұшырағаныма қуанатындар масқара болып, кері шегінсін.
3 Маған: “Ә, бәлем, сауап болды!”— дейтіндерЖер болып, кері шегінсін.
4 Ал сені іздейтіндер өзіңді ойлап шат-шадыман боп қуансын+,Құтқаруыңды аңсайтындар дәйім:
“Құдай марапатталсын!”— дейтін болсын.
5 Ал мен дәрменсіз әрі бейшарамын+.
Уа, Құдайым, менің игілігім үшін тезірек әрекет етші+.
Көмекшім де, құтқарушым да өзіңсің+.
Уа, Ехоба, кешеуілдетпеші+.