Зәбүр 79:1—13
Асаптың+ жыры.
79 Уа, Құдай, ұлттар меншікті иелігіңе+ баса көктеп кірді,Киелі ғибадатханаңды арамдады+,Иерусалимді бір төбе үйіндіге айналдырды+.
2 Қызметшілеріңнің мәйітін құстарға жем қылды,Адал қызметшілеріңнің денесін жабайы аңдарға қалдырды+.
3 Иерусалимді айналдыра қандарын судай ағызды,Сүйектерін жерлейтін ешкім болмады+.
4 Көршілеріміз бізді қорлады+,Маңайымыздағылар мазақтап, күлкі етті.
5 Уа, Ехоба, қашанғы ашулана бересің? Мәңгі ме+?
Қашанғы қаһарыңды оттай лаулата бересің+?
6 Ашуыңды өзіңді білмейтін ұлттарға,Сені есіміңмен шақырмайтын патшалықтарға төкші+.
7 Себебі олар Жақыпты жалмап қойды,Елін қаңыратып бос қалдырды+.
8 Мойнымызға бабаларымыздың күнәсін жүктемеші+.
Тезірек мейіріміңді көрсетші+,Өйткені біз әбден қалжырадық.
9 Уа, құтқарушы Құдайымыз+,Ұлы есімің үшін бізге көмектесші.
Есімің үшін құтқаршы, күнәларымызды кешіре көрші+.
10 Ұлттарға: “Олардың Құдайлары қайда?”— дегізіп не керек+?
Қызметшілеріңнің төгілген қаны үшін кек алынғанын олар білсінші+,Бұл біздің көз алдымызда болсыншы.
11 Тұтқындардың күрсінісі құлағыңа жетсінші+,Өлімге кесілгендерді ұлы құдіретіңмен сақташы*+.
12 Көршілерімізге қарымтасын жеті еселеп қайтаршы+,Себебі олардың қорлық сөздері саған дейін жетті, уа, Ехоба+!
13 Сонда біз, өз халқың әрі жайылымыңдағы отарың+,Саған мәңгі алғыс айтамыз,Ұрпақтан ұрпаққа даңқыңды жариялаймыз+.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “азат етші”.