Зәбүр 99:1—9
99 Ехоба Патша болды+.Лайым халықтар қалтырап-дірілдесін.
Ол керубтердің үстінде* тақта отыр+.Лайым жер дүмпісін.
2 Ехоба ұлылығын Сионда паш етеді,Күллі халықтардың үстінен билік жүргізеді+.
3 Лайым олар ұлы есіміңді дәріптесін+,Өйткені сенің есімің айбынды да киелі.
4 Сен әділдікті жақсы көретін құдіретті патшасың+,Туралықты мызғымастай бекіттің.
Жақып ұлдарына әділдік орнатып бердің+.
5 Құдайымыз Ехобаны асқақтата дәріптеңдер+,Табан тіренішінің алдына келіп тағзым етіңдер+.
Ол — киелі Құдай+.
6 Оның діни қызметкерлерінің қатарында Мұса мен Харон болған+,Самуил оның есімін атап шақырған+.
Олар Ехобаны шақырушы еді,Сонда ол жауап беруші еді+.
7 Оларға бұлт бағанасынан сөйлеуші еді+.
Олар болса оның ескертулері мен жарлығын орындаушы еді+.
8 Уа, Құдайымыз Ехоба, сен оларға жауап беретінсің+.
Сен олар үшін кешірімді Құдай болдың+,Әйтсе де күнәлары үшін жазалайтынсың+.
9 Құдайымыз Ехобаны асқақтата дәріптеңдер+,Киелі тауының алдында тағзым етіңдер+.
Өйткені Құдайымыз Ехоба киелі+.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “арасында”.