Ишая 35:1—10

  • Жұмақ қайта орнайды (1—7)

    • Соқырлардың көздері, саңыраулардың құлақтары ашылады (5)

  • Құны өтелгендер жүретін “Қасиетті жол” (8—10)

35  Шөл мен құла түз шаттыққа кенеледі+,Шөл дала қуанып, бәйшешектей жайнайды+.   Иә, ол жайқала гүлдейді+,Қуанышқа кенеледі, шаттана айғай салады. Оған Ливанның ұлылығы+,Кармил+ мен Саронның+ салтанаты беріледі. Жұрт Ехобаның ұлылығын, Құдайымыздың салтанатын көреді.   Қолдары әлсірегендерді,Тізелері қалтырағандарды нығайтыңдар+.   Жүрегін уайым меңдегендерге: “Берік болыңдар! Еш қорықпаңдар! Міне, Құдайларыңның өзі кек алады,Жауларыңның қарымтасын қайтарады+. Ол келіп, сендерді құтқарады+”,— деңдер.   Сонда зағиптардың көздері+,Саңыраулардың құлақтары ашылады+.   Ақсақ адам еліктей секіреді+,Мылқау қуана айғайлайды+. Шөл далада бұлақтар қайнап,Құла түзде жылғалар ағады.   Қуаң дала қамысты көлге,Қураған дала суы мол жерге айналады+. Шибөрілердің тынығатын індерінде+ Көк майса шөп, қамыс пен папирус өседі.   Сол жерде даңғыл жол болады+,Ол “Қасиетті жол” деп аталады. Арамданған адам онымен жүрмейді+,Онымен тек лайықтылар жүреді. Ол жолда босқа кезіп жүрген ақымақтар болмайды.   Ол жолда арыстан да,Жыртқыш жабайы аңдар да болмайды. Ондайлар бұл жолдан табылмайды+,Онымен тек құны өтелгендер ғана жүреді+. 10  Ехоба құнын өтеп алғандар қайта оралып+, қуанышты айғаймен Сионға келеді+. Олар сарқылмайтын шаттықты тәж етіп киеді+,Мол шаттық пен қуанышқа кенеледі;Қасірет пен күрсіну деген атымен болмайды+.

Сілтемелер