Марқа 6:1—56

  • Исаны өз елінің қабылдамауы (1—6)

  • 12 елшіге нұсқау беру (7—13)

  • Жақияның өлімі (14—29)

  • Исаның 5000 адамды тамақтандыруы (30—44)

  • Исаның су бетімен жүруі (45—52)

  • Генесәрет жерінде ауруларды сауықтыру (53—56)

6  Иса сол жерден шығып, өскен жеріне келді+. Шәкірттері оған еріп жүрді.  Демалыс күні ол мәжілісханаға келіп, тәлім бере бастады. Тыңдап отырғандардың көбісі таңданып, былай десті: “Ол мұның бәрін қайдан біледі+? Оған біткен бұл не қылған даналық? Қалайша мұндай құдіретті істерді жасай алады+?  Ол ағаш ұстасы емес пе+? Мәриямның ұлы+ және Жақып+, Жүсіп, Яһуда мен Шимонның ағасы+ емес пе? Қарындастары да арамызда тұрады ғой?!” Осылайша оған сенгісі келмеді.  Иса оларға: “Пайғамбарды өзге жерде қадірлесе де, өз ел-жұрты, туған-туыстары мен үй іші қадірлемес”,— деді+.  Сөйтіп, бірнеше науқасқа ғана қолын қойып сауықтырғаннан басқа ешқандай құдіретті істер жасамады.  Иса олардың сенімдерінің жоқтығына таңғалды. Бұдан кейін сол аймақтағы ауылдарды аралап, тәлім берді+.  Иса 12 елшісін шақырып алды да, оларды екі-екіден жіберуді бастады+, сондай-ақ оларға жындарды қуып шығаратын билік берді+.  Ол жолға таяқтан басқа ештеңе — нан да, тамақ салатын дорба да, ақша* да+,  қосымша киім* де — алмауды бұйырды, бірақ сандалдарының бауын байлап алуды тапсырды. 10  Сосын былай деді: “Барған жерлеріңде қай үйге түссеңдер, қайта жолға шыққанша, сонда қалыңдар+. 11  Егер қайсыбір жерде сендерді қабылдамаса не тыңдамаса, сол жерден шығарда оларға куәлік болу үшін аяқтарыңдағы шаңды қағып тастаңдар*+”. 12  Сонымен, елшілер жолға шығып, жұрт күнәларына өкінсін+ деп уағыз айтты, 13  көптеген жындарды қуып шығарды+, көп науқасқа май жақты және оларды айықтырды. 14  Исаның есімі ел арасында кең тарағандықтан, ол туралы Ирод* патша да естіді. Кейбіреулер: “Шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия қайта тіріліпті. Исаның құдіретті істер жасап жүргені де содан”,— десті+. 15  Ал өзге біреулер: “Бұл — Ілияс”,— десе, тағы басқалар: “Ол да ежелдегі пайғамбарлар сияқты пайғамбар”,— деп жатты+. 16  Ирод мұны естігенде: “Өзім басын алдырған Жақия қайта тіріліпті”,— деді. 17  Өйткені ол өз бауыры Філіптің әйелі Иродияға үйленіп, оған жағыну үшін Жақияны байлатып, түрмеге жаптырған еді+. 18  Себебі Жақия оған: “Туған бауырыңыздың әйелін алғаныңыз заңға қайшы”+,— деп талай рет айтқан болатын. 19  Содан Иродия Жақияға кек сақтап, оны өлтіргісі келіп жүрді, бірақ ойын жүзеге асыра алмады. 20  Себебі Ирод оның әділ* әрі қасиетті адам екенін білгендіктен одан қорқып+, қорғап жүретін. Ол Жақияны тыңдаған сайын, оған не істерін білмей абыржыса да, сөзін тыңдағанды жақсы көретін. 21  Бірде Ирод лауазымды кісілерін, мыңбасылар мен Ғалилеяның беделді адамдарын жиып, туылған күнін тойлағанда+, Иродияға ойын жүзеге асырудың орайы түсті+. 22  Иродияның қызы келіп, би билеп, Иродтың және онымен бірге дастарқан басына жантайғандардың көңілінен шықты. Сонда патша бойжеткенге: “Менен қалағаныңды сұра, беремін”,— деді. 23  Сондай-ақ: “Сұрағаныңның бәрін, тіпті патшалығымның жартысын сұрасаң да, беремін”,— деп ант етті. 24  Қыз шығып, шешесіне: “Не сұрасам болады?”— деді. Ол: “Шомылдыру рәсімін жасаушы Жақияның басын сұра”,— деп жауап берді. 25  Қыз тездетіп патшаға барып: “Дәл қазір маған шомылдыру рәсімін жасаушы Жақияның басы табаққа салынып әкелінгенін қалаймын”,— деді+. 26  Патшаның қатты еңсесі түсіп кетті, бірақ берген антына және дастарқан басына жантайғандарға бола, қыздың өтінішін елеусіз қалдырғысы келмеді. 27  Содан дереу оққағарын жіберіп, Жақияның басын алып келуді бұйырды. Ол түрмеге барып, Жақияның басын шауып алды да, 28  табаққа салып, қызға ұсынды, ал қыз шешесіне берді. 29  Мұны естігенде, Жақияның шәкірттері келіп, оның сүйегін алып кетіп, қабірге қойды. 30  Елшілер қайтадан Исаның қасына жиналып, өздерінің жасаған істері мен берген тәлімдері туралы түгел айтып берді+. 31  Сонда ол: “Жүріңдер, менімен бірге оңаша жерге барып, аздап тынығып алыңдар”+,— деді. Өйткені келіп-кетіп жатқан жұрттың көптігінен олардың тіпті тамақтануға уақыты болмаған еді. 32  Содан өздері ғана қайықпен оңаша бір жерге кетті+. 33  Бірақ олардың қайда кетіп бара жатқанын көрген және бұл туралы естіп білген жұрт барлық қалалардан шығып, жүгіре отырып, сол жерге олардан бұрын жетті. 34  Иса қайықтан түскенде, қалың жұртты көріп, оларды аяп кетті+. Себебі олар бағушысы жоқ қойлардай еді+. Сөйтіп, оларды көп нәрсеге үйрете бастады+. 35  Түс қайта оған шәкірттері келіп: “Бұл — елсіз жер, әрі кеш түсіп келеді+. 36  Жұртты таратып жіберіңіз. Жақын маңдағы ауылдар мен елді мекендерге барып, өздеріне тамақ сатып алсын”,— деді+. 37  Бірақ Иса: “Оларға тамақты сендер беріңдер”,— деп жауап қатты. Шәкірттері болса: “Әлде барып, 200 динарға* нан сатып алып, жұртты тамақтандырайық па?”— деді+. 38  Ол: “Қанша нандарың бар? Барып, көріп келіңдер”,— деп тапсырды. Олар көріп келіп: “Бес нан, екі балық бар екен”,— деді+. 39  Сонда ол халыққа топ-топқа бөлініп, көгалға жайғасуды бұйырды+. 40  Олар жүзден, елуден топтасып жайғасты. 41  Иса бес нан мен екі балықты алып, көкке қарап дұға етті де+, халыққа үлестіру үшін нанды сындырып, шәкірттеріне бере бастады, екі балықты да барлығына бөліп берді. 42  Содан бәрі тамақтанып тойып алды. 43  Соңынан олар артылған балықты есептемегенде, 12 себетті толтыра нан үзімдерін жинап алды+. 44  Ал нан жеген ер кісілердің саны 5000 еді. 45  Сосын Иса дереу шәкірттеріне қайықпен арғы жағадағы Бетсайда жаққа бара беруді тапсырып, өзі жұртты тарату үшін сонда қалды+. 46  Олармен қоштасқан соң, дұға ету үшін тауға көтерілді+. 47  Ымырт түскенде қайық теңіз ортасына жетті, ал Иса тауда жалғыз қала берді+. 48  Бір кезде ол шәкірттерінің ескекпен арпалысып жатқанын көрді, себебі жел қарсы соғып тұрған еді. Иса төртінші күзет* шамасында су бетімен оларға қарай жүріп, жандарынан өтіп кетпек сыңай танытты. 49  Шәкірттері біреудің теңіз бетімен жүріп келе жатқанын көргенде, елес екен деп ойлап, бар дауыстарымен айқайлап жіберді. 50  Өйткені бәрі оны көріп, қорқып кеткен еді. Бірақ Иса дереу тіл қатып: “Батыл болыңдар, бұл — менмін! Қорықпаңдар!”— деді+. 51  Сөйтіп, қайыққа мінді, сол кезде жел басылды. Бұған шәкірттері қатты қайран қалды. 52  Өйткені олар нанмен болған кереметтің мәнін ұқпаған еді, әрі жүректері түсінуге әлі де жабық болатын. 53  Сонымен, олар теңізден өтіп, Генесәретке келіп, жағалауға жақын жерге тоқтады*+. 54  Олардың қайықтан түскені сол-ақ екен, халық Исаны танып қойып, 55  бүкіл төңіректі жүгіре аралап, ауру-сырқауларды төсеніштерімен көтеріп, оған әкеле бастады. 56  Ол қай ауылға, қалаға не елді мекенге бармасын, жұрт науқастарын базар алаңдарына әкеліп, одан, ең болмағанда, жамылғысының шашағына қол тигізуге рұқсат етуін өтінді+. Қол тигізгендердің бәрі сауығып кетіп жатты.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “бел қалтаға салынған мыс”.
Сөзбе-сөз “екі киім кимеуді”.
Аяқтың шаңын қағу адамның өз мойнынан жауапкершілікті алып тастауын білдіреді.
Яғни Ирод Антипас. Түсіндірмені қараңыз.
Яғни Құдайдың талаптарына сай өмір сүретін.
Шамамен түнгі 3:00 мен таңғы 6:00 аралығы. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “зәкір тастады”.