Бұл кітапшаның көп пайдасы тию үшін
Біреумен оқыңыз. Сізге осы кітапшаны берген адам көмектесе алады, я болмаса jw.org сайтымызға кіріп, өтініш толтырсаңыз болады.
САБАҚТЫҢ БАСЫ
Әр абзацты және қалың қаріппен көрсетілген А) сұрақтарды, сондай-ақ басты ойды айқындайтын Ә) Киелі кітап үзінділерін оқып шығыңыз. Кейбіреулері “оқыңыз” деп белгіленген.
САБАҚТЫҢ ОРТАСЫ
Б) “Тереңірек үңіліңіз” деген жердің төменінде әрі қарай не қарастырылатыны түсіндіріледі. Ал В) тақырыпшаларда негізгі ойлар жазылған. Г) Тармақтарды оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз және бейнероликтерді көріңіз.
Ғ) Суреттер мен жазуларды мұқият қарап шығыңыз және Д) “Кейбіреулердің айтатыны” деген жердегі пікірлер мен сұрақтарға қалай жауап беруге болатынын ойлап көріңіз.
САБАҚТЫҢ СОҢЫ
Е) “Түйіндеме” мен “Қайталау” сабақты қорытындылайды. Сабақты бітірген күніңізді жазып қойыңыз. Ж) “Мақсат” деген жерде тапсырма беріледі. З) “Қосымша ізденіңіз” деген жерде оқуға және көруге арналған көбірек мәлімет бар.
Киелі кітап тармақтарын қалай табуға болады?
Мысалы, Аян 21:3 деп тұрса, Аян деген А) кітаптың атауын, 21 саны Ә) тарауды, ал 3 саны Б) тармақты білдіреді. Кейде бірнеше тармақ берілуі мүмкін.