Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сабырсыз жерде сабырлық сақта

Сабырсыз жерде сабырлық сақта

Жүктеу:

  1. 1. Көлікті айдап шығып ем жолға тап болдым бір қырсыққа,

    Әр күн аздап әкелер азап, берілсін деп ашуға.

    Құдайдың Сөзі келді ойға, “сақта” деп “сабырлық”,

    Айтамын сонда бір ауыз дұға, бойды алды жантыныштық.

    Қайырмасы:

    Сабырсыз жерде сабырлық сақтау оңай емес-ау бірақ,

    Үйренсең оған қазір, боласың әзір келгенде жаңа өмір ғажап.

  2. 2. Жұмысқа келдім күн жақсы болсын дегенім сол-ақ екен,

    Кенет шықты жанжал мықты, өзімді ұстар ма екем?

    Еске алдым тағы кеңесті жақсы: “жүректі көр” дегенді,

    Сөздері ащы жан жарасын ашты, жанашыр болам енді.

    Қайырмасы:

    Сабырсыз жерде сабырлық сақтау оңай емес-ау бірақ,

    Үйренсең оған қазір, боласың әзір келгенде жаңа өмір ғажап.

    Өткел:

    Болам десең ұстамды,

    Жүзесің ағысқа қарсы.

    Жүрсең де жанжал ортасында,

    Жаның тұнар тыныштыққа.

  3. 3. Демалыс келді шығамыз айтып хабарды үйден үйге,

    Бізді көріп біреу қабақ түйді дереу, “кетіңдер аулақ” дей ме?

    Құдайдың Сөзін ұстанып берік, кетуге бел байладық,

    “Отын жоқ жерде от өшер лезде”, сақтаймыз біз татулық.