Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Thai Liang Lim/E+ via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Балаңыз әлеуметтік желіге тәуелді ме? Киелі кітаптың ата-аналарға берер кеңесі

Балаңыз әлеуметтік желіге тәуелді ме? Киелі кітаптың ата-аналарға берер кеңесі

 “Бүгінде жастардың психикалық саулығы барша жұртты алаңдатуда. Әлеуметтік желінің бұған қосар үлесі зор”,— дейді АҚШ-тың денсаулық саласының бас хирургы Вивек Мурти (17 маусым, 2024, “New York Times”).

 Ата-аналар балаларын әлеуметтік желінің қаупінен қалай қорғай алады? Бұл орайда Киелі кітап біраз тиімді кеңестер ұсынады.

Ата-аналарға көмек

 Келесідей Киелі кітап принциптерін қарастырыңыз:

 “Парасатты әр қадамын ойлап басады” (Нақыл сөздер 14:15).

 Балаңыздың әлеуметтік желіні қалай қолданатыны сізді уайымдатса, өзіңізді осылай сезінгеніңіз орынды-ақ. Себебі оның қаупі айтпаса да түсінікті. Әлеуметтік желіні қолдануға рұқсат бермес бұрын мына жайлы ойланып көріңіз: Балаңыз оны қолданатын уақытын қадағалай ала ма? Жағымсыз контент қарамай ма? Жақсы достары бар ма?

 “Уақыттарыңды барынша тиімді пайдаланыңдар” (Ефестіктерге 5:16).

 Егер балаңызға әлеуметтік желіні қолдануға рұқсат етсеңіз, бұған қатысты ережелер орнатып, осы шараның қауіп-қатерден қалай сақтайтынын түсіндіріңіз. Балаңыздың мінез-құлқынан қандай да бір өзгеріс байқасаңыз, әлеуметтік желіні қолдануға шектеу қойған жөн болар.

Қосымша мәлімет

 Киелі кітапта “соңғы күндері ерекше қиын уақыт болатыны” айтылған (Тімөтеге 2-хат 3:1—5). Бұған қоса, ол жерде осы қиындықтармен күресуге көмектесетін таптырмас кеңестер де бар. Жасөспірімнің психикалық денсаулығына қатысты мақалаларда ата-аналарға да, балаларға да көмектесетін 20-дан астам Киелі кітапқа негізделген мәлімет көзі бар.